Мырзалиев Қадыр (Мырза әлі Қадыр) (1935-2012) – ақын, аудармашы, көсемсөз шебері. Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін балалар журналы «Балдырғанда» қызмет еткен. «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петефидің, т.б. жырларын қазақ тіліне тәржімалаған.
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы.
А.Т.Ойсылбай филол.ғ.к