ДИЭРЕЗА
Диэреза (грек. diairesis — бөлу) – дыбыстардың күрделі тіркесіндегі бір дыбыстың түсіріліп айтылуы. Мысалы, сөйлеу тілінде кездесетін: қабыртқа әдеби тілде қабырға, әлеумент әдеби тілде әлеумет, киімкеншек – киім-кешек болып айтылады.
Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012.