Дағдарыс шарттарында Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Өсіп келе жатқан халық тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету- мыңдаған жылдар бойы басты мәселелердің бірі болды, ал қазіргі таңда адамзат алдында өзекті тақырып болып тұр. Басқарудың жалпы теориясы бойынша азықтандыруды қоғамдық күрес пен басқарудың төртінші басымдылығына жатқызуға болады. Осы тұста мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігі туралы айтуға болады. Мемлекеттің түліктік қауіпсіздігі экономикалық қауіпсіздіктің
маңызды құрам бөлігі, ол өз кезегінде мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігінің бөлігі болып табылады.
Мемлекеттің түліктік қауіпсіздігі- бұл мемлекет тұрғындарын экологиялық таза және адам денсаулығы үшін пайдалы отандық өндірістен алынған тамақтану өнімдерімен қамьамасыз ету дәрежесі. Бұл өнімдер ғылыми-негізделген нормалар мен орналасу аймағын сақтау және жақсарту кезінде қолжетімді бағада болуы керек.
Осы тұста мынандай сұрақ туады;біздің еліміздің халықын импорттық емес, біртұтас отандық жобалар қамтуы керек? Жауабы қарапайым. Егер өнімдерді өндіру және олардың сақталуы тұтынушылармен қадағаланбаса, онда бұл өнімдерге қоспалар ( консерванттар, дәмдеуіштер, бояғыштар және т.б.) қосылуы мүмкін, ондай тағамдарды пайдалану қазіргі адамдардың денсаулығына ғана емес, болашақ ұрпақтың денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Сол себепті азық-түліктік өнімдер тамақтан геноцид қаруына (жалпылама құралдық күресу мен басқарудың бесінші басымдылығы) айналады.
Орын алған жағдайларға байланысты түліктік қауіпсіздігі біздің елімізде қазіргі таңда бірінші орынға қойылады.
Мемлекет түліктік қауіпсіздігінің дәрежесін сипаттау үшін бағалау жүйесін енгізуді ұсынады.
Баға азық түлік өндіретін салалардың жағдайына, халықты қамтамасыз ету дәрежесіне,. Азықтық өнімдердің сапасына, қоғамдық барлық таптарына қол жетімді болуына, азық-түліктің стратегиялық қорын өсіру және көлемін, өндірістік ғылыми-техникалық негіздерінің жағдайыеа және өмір сүру ортасын жақсартум мен сақтау мүмкіндіктеріне қарай анықталады.
Мемлекеттің азық-түлікті қауіпсіздігі толық қамтылған, егер;
1) Мемлекеттің елді мекендері экологиялық таза әрі денсаулыққа пайдалы отандық азық түліктермен қамтамасыз етілсе, еңбек ету шартын, жынысын, жасын, табиғи-климаттық жағдайларын және ұлттық әдет-ғұрыптарды ғылыми-негізделген нормаларға сай жасалуы керек.
2) Бұл тағамдық өнімдер адал еңбек етушілерге, көп балалы отбасыларға, ұлтына және мамандығына қарамай барлық зейнеткерлерге қол жетімді болуы керек.
3) Табиғи апаттар, соғыс және басқа да төтенше жағдайларға байланысты азық-түліктің стратегиялық қоры болуы керек. Бұл қор 5 жылдан кем емес уақытта елдегі нормаланған азық-түлікті үлестіру кезінде аштықтан құтылуды қамтамасыз етеді. Мсалы, АҚШ-та осы мерзімге сай азық-түліктік қор бар, Швейцарияда да азық-түлік қоры осы мерзімге сай. Ежелгі мысырда библиялық Иосифтің ақылымен қор құрылған. 7 жыл құрғақшылықта аштықтан құтылу үшін осы қорды пайдаланған
4) Агроөнеркәсіпті кешен, балық және орман шаруашылығы бірқалыпты дамуда және қосымша қорлары бар, бұл қор басқа мемлекеттерге табиғи апаттар мен соғыс болғпн жпғдайда азық-түліктік көмек пен өндірісте азық-түлік қорларын өсіруді қамтамасыз етеді.
5) Ғылым әлемдік жетістіктердің ең жоғарғы сатысында тұр және барлық салаларды техниканың жаңа үлгілерімен, технологиялармен қамтамасыз етеді, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының генофондын сақтайды және жақсартады , өмірдің барлық салаларының дамуына және қоғамның қызметінің өсуіне сенімді болжам жасайды.
6) Табиғатты қорғау және табиғатты қалпына келтіру саясаты және тәжірбиесі өмір сүру ортасын сақтауды және жақсартуды қамтамасыз етеді.
Азық-түлік қауіпсіздігі егер жоғарыда аталған барлық шарттарды орындағанда, 5 жылдан кем емес төтенше жағдайлар кезінде халықты тағаммен қамтамасыз ететін стратегиялық қорлар болғанда толық қамтылды деп айтуға болады.
Заманауи жағдайды әлемдік азық-түліктік күйзеліс деп сипаттауға болады, ол азық-түлік тауарларына бағалардың күрт өсуімен түсіндіріледі. Әлемдік саудада бағалардың бұлай шарықтауының себептері көп.
Бұл азық-түлік қорларының екі ай тұтыну деңгейіне дейін төмендеуі, мемлекеттердегі құрғақшылық-ірі ауылшаруашылық өндірушілерде (Украина, Австралия және т.б.), ауылшаруашылық өндіріске инвестицияның аз тартылуы, этонол және биодизел өндіретін ауылшаруашылық мәдениетін тұтынудың көбеюі,Үндістан мен Қытайда азық-түлік қажеттілігінің өсуі, кірістің өсуіне байланысты тұтынудың құрылымының өзгеруі, жер шарының халқының жалпы өсуі. Конъюнкатуралық экономикаға және макроэкономикалық табиғатқа әсер ететін басқа да факторлар бар. Оның ішінда америкалық доллардың құнсыздануы, энерготасмалдаушыларға және тыңайтқыштарға бағаның өсуі. Ұзақ уақыт бойы әсер ететін факторға су ресурстарының тапшылығы мен климаттық өзгерістерді жатқызуға болады.
Керимова Наз-Ерке Бактыгалиевна
Алматы обл., Талғар қаласы,
М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің арнайы пән оқытушысы