Бейнелеп сипаттау

Бейнелеп сипаттау жәй анықтама сөздерге қарағанда көп ретте жанжақты, кең мағына туғызуға бейім келеді, онда сөздің көп мәнділік жағы басым болады. Мысалы, дүлдүл ақын дегенді алсақ, мұның өзі жүйрік ақын, шешен ақын, тапқыр ақын, сөзден жаңылмайтын, басқадан жеңілмейтін шабытты ақын деген секілді сан алуан ұғымды білдіре алады. Поззияда, өлең тілінде айту, баяндаудың бейнелілігі, суреттілігі, әсерлілігі және ойдың айқындығы мен дәлдігі, анықтығы тығыз байланысты болады. Тіл бейнелілігі, сөз суреттілігі ой-сезім көркемдігін мейлінше аша түседі, бірақ ойдың айқындығын әлсіретпейді. Көркем әдебиетте, поззияда алуан түрлі суреттеу тәсілдерін қолдану мүмкіншілігі мол екенін естен шығармау керек. Бұл арада бейнелеп суреттеудің бір ғана түрі – тұспал  туралы айтсақ та жеткілікті. Ой-пікірді, сезімді тура, тіке айту, суреттеу мен астарлап, тұспалдап, ымбамен білдіруді бір-біріне қарсы қою дұрыс болмас еді. Өйткені бұлардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Алдыңғысы соңғысын жоққа шығармайды. Соңғы тәсіл яғни тұспалдап сездіру, тұспалдап суреттеу орнын тауып қолданғанда ғана ұтымды, орамды шығады. Ол сонда ға на қосымша әдіс – айтатын, баяндайтын жайды, құбылысты басқаша бір қырынан көрсететін әдіс болады. Әрине, ой-сезімді тура айтпай, әйтеуір орағытып айтуға тырысушылық сәтті бола бермейтіні түсінікті.

З.АХМЕТОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *