Байтұрсынұлы Ахмет (1872-1937) – қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш партиясы мен Алашорда автономиялы үкіметінің мүшесі, көсемсөз шебері, аудармашы, мемлекет қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, түрколог, ұлттық жазудың реформаторы. «Қазақ» (1913-1918) газетінің бас редакторы.