Алтынсарыұлы  Алтынсарин Ыбырай

Алтынсарыұлы  Алтынсарин Ыбырай (1841-1889) – қоғам қайраткері, ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы. Қазақ даласында ана тіліндегі алғашқы мектептердің ашылуында үлкен еңбек сіңірді. 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты қазақ балаларына арналған тұңғыш оқулықтары жарық көрді. Ақын, жазушы ретінде жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына елеулі үлес қосты. Л.Толстой, И.Крылов, К.Ушинский шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *