Аймауытұлы Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) – қоғам қайраткері, жазушы, драматург, аудармашы, әдебиет зерттеуші, көсемсөз шебері. Алаш қозғалысының белсенді мүшесі. «Қартқожа», «Ақбілек» романдары мен «Күнікейдің жазығы» повесінің, көптеген әңгімелер мен пьесалар авторы. Педагогика, психология, эстетика туралы еңбектер жазды. 1929 жылы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген сылтаумен тұтқындалып, 1931 жылы атылды.