Өлеңнің әлеуметтік рөлі.

Өлеңнің әлеуметтік рөлі. Көркем әдебиет не өлеңмен, не көркем қара сөзбен жазылады. Бір елдің әдебиетінің ер жеткендігінің, профессионалдық әдебиет дәрежесіне көтерілгендігінің негізгі бір белгісі деп поэзиясымен қатар, үлкен прозасы, бойжеткен драмасының барлығы саналады. Ол дұрыс, бірақ көп елдердің тарихын алсақ, прозаның да, драманың да жұмысын көп ғасырлар бойы өлең – поэзия атқарып келген. Көркем әдебиет дегенде тек поэзияны ғана атауға болатын дәуірді де көркем әдебиет бастан кешірді, өйткені проза, драмалар одан анағұрлым кеш туды.

Қазақ халқының тарихында өлең тек қана көркем қара сөздің, драманың жұмысын атқарып қана қойған жоқ, ой-пікірді өрістету, халықтың өткен тарихтағы ерлік істерін жырлау, патриоттық тәлім-тәрбие беру тағы басқа да толып жатқан әлеуметтік мәні зор жұмыстар атқарды.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *