Шумақ

Шумақ. Өлең құрылысы әртүрлі. Бұлардың сыртқы түрімен де танысуымыз керек. Түрді білу – түршілдік емес. Түрді мазмұннан бөліп алу – түршілдік. Түрді білу, түрді мазмұннан бөліп алу екеуі екі басқа нәрсе, бұл есте болуы керек. Сондықтан өлеңнің сыртқы құрылыстарына біраз тоқтап өтуге тура келеді. Бірнеше жолдар мағына жағынан, дыбыс үйлестігі (ұйқас) жағынан қиюласып келіп шумақ құрайды. Өлең сөйлемдеріндегі синтаксистік бір ойдың бітуін шумақ деп атайды. Шумақ болу үшін өлең жолдарының көбі не азы шарт емес, синтаксистік бір ойдың бітуі шарт. Қазақтың бір ауыз өлең дейтіні бір шумақ болады, өйткені айтайын деген ой бітеді. Мысал үшін мына бір халық өлеңін алсақ, бір-ақ ауыз өлең және ой бітіп тұр. Сондықтан ол бір шумақты өлең болады.

Хат жаздым қалам алып қауырсыннан, Қаршығам қаз іледі бауырсыннан. Шақырса тауда тарлан таң сәріде, Еділде бұғады үйрек дауысынан.

                                           (Халық өлеңі)

Синтаксистік ойдың бітуіне қарай шумақ та әртүрлі болады. Ол екі жол өлеңнен бітсе, екі тармақты шумақ, үш жол өлеңнен бітсе, үш тармақты шумақ, төрт жол өлеңнен бітсе, төрт тармақты шумақ деп аталады. Тармақ саны бесеу де, алтау да он да, онан да көп бола береді. Ол – ойдың бітуіне қарай. Әр шумақта бірнеше тармақ болады. Шумақта тармақ екеуден кем болмайды. Тармақ деп өлеңнің бір жолын айтады. Өлең тармағы түрлі-түрлі:

Екі тармақты шумақ.

Жанған шамым, шамшырағым, Сенсің менің атқан таңым!

Сен жалғызым, сен күнімсің Көкте жанған жұлдызымсың!

                                (Бесік жыры)

Төрт тармақты шумақ.

Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың жаны терең, сай, Тасыған өзен гүрілдеп.

                                   (Абай)

Міне, осылар сықылды өлеңнің әр шумағы екі жолдан не төрт жолдан тоқтап, ой аяқталып отырса, екі тармақты не төрт тармақты өлең дейді. Басқалары да осылар сықылды. Айырмасы, тек тармақтарында, сондықтан біз бұлардың әрқайсысының мысалдарын ғана келтіреміз.

Алты тармақты шумақ.

Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң,

Кімді көрсем, мен сонан

          

Жеті тармақты шумақ

Бетті бастым,

Қатты састым,

Тұра қаштым жалма-жан.

(Абай)

Сен мені не етесің,

Мені тастап,

Өнер бастап,

Жайыңа

Сегіз тармақты шумақ

Және алдап,

Арбап,

Өз бетіңмен кетесің

(Абай)

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Он тармақты шумақ

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған. Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл.

(Абай)

Бұл күнде сен

Бақыттысың,

Бостандықтың

Темір жолдың,

От орнына

Ақынысың,

Сал көзіңді алысқа!

Түйе орнына

Электрдің,

 Шыққанын жаз, қалыспа!

(Әбділда)

Тармақтың бұл келтіргендерден басқа да түрлері көп. Жоғарғы мысалдарды үлгі үшін ғана келтіріп отырмыз. Өлеңнің неше тармақтан тұратыны көзге көрініп тұрған нәрсе болғандықтан мына үлгілерге қарап, айыру қиын емес.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *