Өлең және көркем қара сөз

Өлең және көркем қара сөз. Көркем әдебиет не өлең, не қара сөзбен жазылады. Өлеңмен жазылған көркем шығармаларды поэзия,көркем қара сөзбен жазылған шығармаларды проза деп атайды. Драмалық шығармалар өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла береді.

Өлең мен көркем қара сөздің өзара жақындығымен қатар, айырмасы да үлкен. Мұның екеуі де образ арқылы жасалады. Оқушылардың ойсезіміне сурет арқылы әсер етеді. Өмір құбылысын әдеби образдардың көмегімен танытып, тәлім-тәрбие бе реді. Эстетикалық сезімімізді оятады.

Асқардың «Күзетте» поэмасынан әлгі үзіндіні алып, оның буынын санап көрейік. Бұл өлеңнің буынын санасақ, барлық жолы да 11 буыннан тұрады.

            3                     4                          4

/Жайқалған/ /жаздың салқын/ /көркем кеші./

             3                    4                 4

 /Құлпырып/ /масатыдай/ /таудың түсі. /

            3                     4                         4

/Жұрт үстін/ /қоңыр желмен/ /желпіндіріп,/

            3                   4               4

 /Көсілген/ /көлегейлеп/ /көлеңкесі/

Өлең сөйлемдерінің құрылысы қара сөздердің сөйлем құрылыстарынан басқаша. Өлең сөйлемдерінің буын, бунақтарын алсақ, белгілі бір тәртіпке бағынатындығын көреміз. Егер ол тәртіп болмаса, сөйлем өлеңдік қасиетінен айрылады. Де мек, бұл өлең құрылысының өзіне тән бір заңдылық. Қара сөздерде буын, бунақтарының белгілі бір тәртіпке бағынып отыруы шарт емес. Бір сөйлемдегі буын, бунақтар бір түрлі болса, екінші сөйлемде мүлде басқаша болуы мүмкін. Ол қара сөздің көркемдік қасиетіне ешбір нұқсан келтірмейді. Сондықтан өлеңнің буын, бунақтарының белгілі бір тәртіпке бағынуы немен байланысты деген сұраққа жауап беруіміз керек.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *