
Шет сөздер және интернационалдық сөздер. Көркем әдебиет тілінде күнделікті айтылып жүрген сөздерімізде шетелдердің тілдерінен алынған сөздер көп. Бұл сөздер шет сөз деп аталады.
Мысалы: «кітап», «әдебиет» араб сөздері, бірақ тілімізге әбден сіңіп кеткеңдіктен, оның шет сөз екені байқалмайды. Бұрын жұртқа шет сөз боп көрінген сөздер тілге кіріп, әбден сіңіскен соң кәдімгі үйреншікті сөзге айналады. Бір елдің тіліндегі сөздер екінші елдің тіліне жай кіре салмайды. Бұл белгілі, қоғамдық шаруашылық жағдайларымен байланысты қарым-қатынас арқылы енеді.
Қазақ тіліндегі көп сөздердің араб, парсы тілдерінен кіруінің өзі кездейсоқ нәрсе емес. Араб сөздері қазаққа ислам дінімен ере келді. Қайсы бір сөздер кершілес өзбек, татар арқылы сауда, егін кәсібімен байланыс түрде келіп кірді. Бұл шет сөздер әдебиетімізден де орын алды.
Сөзіне қарай кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма! Мұны жазған білген құл[1]Ғұламаһи[2] Дауани.
Солай депті ол сыншыл.
Осы үзіндідегі «ғұлама», «құл», Әубәкірдің: «Мәсуак[3] ұстамадым шалмаменен» деген сөзіндегі «мәсуак» – араб діні, әдебиетімен байланысты кірген сөздер.
[1] Құл – адам.
[2] Ғұлама – өте білгіш, көп оқыған кісі (Дауани кісі аты)
[3] Мәсуак – молдалардың еменнен істелген тіс ысқышы.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ