
Сөз мәніндегі кейбір ерекшеліктер. Жазушы халықтың бай тілін шетінен алып пайдалана бермейді. Солардың ішінен ең керектілерін талғап, таңдап, сұрыптап алады. Өзінің ой-сезімін оқушыларына жеңіл, өткір етіп жеткізе алатын жайнақы сөздерді таңдайды. Қандай өмір құбылысын суреттемек, қандай әдеби мінез жасамақ, олар қандай орта, қандай әлеуметтік топтың өкілі. Бұл жайт жазушылардың сөз таңдау ісінде шешуші мәселе. Образ–тип белгілі бір ортаның өкілі болғандықтан, ол өз ортасына тек іс-әрекетімен ғана емес, өзінің тілімен де, сөйлеу ерекшелігімен де тән болады.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ