Символ

Символ (грекшеsymbolon – нысана, бейне, белгі). Тура өз мағынасында емес, бейнелеу мағынасында айтылса, символдық образ немесе символ деп аталады.

Біз теңеу, метафора, символдарды алып салыстырсақ, араларында жақындықтары барлығын көреміз. Бұлардың арасындағы айырмалары мынау: теңеуде теңелетін нәрсе мен теңейтін нәрсенің екеуі де көз алдымызда тұрады. Сөз метафоралық ұғымында қолданылса, құбылысты көрсететін сөз арасындағы жақындығы арқылы екінші сөзге ауыстырылады, ал символда теңеудің бір ғана мүшесі болады. Сол кеңейтіліп жеке образға айналдырылады. Ол нәрсенің басқа тереңірек мағынасы туралы болжалдап, шамамен ғана білеміз. Метафорадағы өзгешеліктер сықылды символдардың да өзара өзгешеліктері болады. 

Бұл өзгешеліктер автордың шындық болмысты қалай тануына, таптық көзқарасына бағынады.

Негізінде символизм ағымы – әлсіреп сахнадан шығып бара жатқан тап әдебиетінің ағымы болды. Олардың идеалистік символикалары бізге жат және зиянды, бірақ символды әдебиеттің әдісі ретінде революцияшыл таптың өкілі пролетариат жазушылары да қолданатынын, шындық өмір құбылысын символмен көрсете алатынын біз жоғарыда айттық. Біздің символды қолдануымыз шьндықпен нық байланысты.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *