Кейіптеу (олицетворение)

Кейіптеу (олицетворение). Жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуді кейіптеу деп атайды.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,  Үсті-басы ақ қырау, түсі суық Басқан жері сықырлап келіп қалды.

                                                    (Абай)

Қоңыр қаз балапанын жайып жүрген, Біріне-бірі неге сыбырлайды?

Күн жадырап, жайылып өз-өзінен Не жақсылық жұмысты ырымдайды?

Өсімдік жел тынғанда иіп басын Қалайша себебі жоқ қыбырлайды?

                                                  (Сәбит)

Осы келтірген үзінділердің бәрі де кейіптеуге жатады. Кейіптеу арқылы автор жансызға жан беріп, тілсізге тіл бітіреді, не қайғылы, не қуанышты оқиғаны суреттегенде, оған және табиғат қосылады да, оны бұрынғыдан да күшейте түседі. Шығармадағы оқиғаға табиғатты қатыстырып не қайғыртып, не қуантып суреттелген жерлер өте әдемі, оқушыны еріткендей әсерлі және күшті боп келеді.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *