БИО-САВАР ЗАҢЫ

БИО-САВАР ЗАҢЫ, электр тогы тудыратын магнит өрісі кернеулігін анықтайды, бұл заңды 1820 ж. француз физиктері Жан Био (1774 – 1862) мен Феликс Савар (1791 – 1841) тәжірибе жүзінде ашқан, ал Пьер Лаплас (1749 – 1827) осы заңды жалпылама түрде тұжырымдаған. Сол себепті кейде Био-Савар-Лаплас заңы деп те аталады. Бұл заң бойынша, бойымен электр тогы (ток күші – І) өтетін өткізгіш Δl кесіндісінің (сызба) өзінен r қашықта орналасқан М нүктесіндегі магнит өрісінің
І ൉ Δl ൉ ݏ݅ ݊ Ԃ
кернеулігі мына өрнекпен анықталады: ΔН ൌ ݇ ݎଶ , мұндағы Ԃ – өткізгіш кесіндісіндегі (Δl) ток бағыты мен М нүктесінен Δl кесіндісіне жүргізілген r радиус-векторының арасындағы бұрыш, k – бірліктер жүйесінің таңдап алынуына тәуелді анықталатын пропорционалдық коэффициент. СГС жүйесінде k=1/с, мұндағы с=3·1010 см/сек – жарықтың вакуумдағы жылдамдығы, СИ жүйесінде k=1/4 π.
Магнит өрісінің кернеулігі (ΔН) Δl мен r жатқан Р жазықтығына перпендикуляр болады және оның бағыты бұранда ережесімен анықталады: егерде бұранда тұтқасы Δl-ден r-ге қарай айналдырылса, онда бұранданың ілгерілемелі қозғалысының бағыты ΔН-ның бағытына сәйкес болады.
Био-Савар заңын магнит индукциясын (ΔВ) анықтайтын заң ретінде де қарастыруға болады. Ол үшін СГС жүйесінде ΔН-ты анықтайтын өрнекті ортаның магниттік өтімділігіне (μ), яғни ΔВ=μΔН, ал СИ жүйесінде ΔН өрнегін ортаның магниттік өтімділігімен қатар вакуумның магниттік өтімділігіне (μо=4π·10–7 Гн/м) де көбейту керек, яғни ΔВ=μμоΔН.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *