БИОЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯ

БИОЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯ (грекше «био… – өмір…» + латынша «люмен – жарық + «есцент – әлсіз әсер») – организмдердің «өмір сүру» үрдістеріне байла- нысты олардан байқалатын люминесценция. Бактериялардан, зеңдерден, қарапайымдардан, жәндіктерден, балықтардан байқалады. Хемилюминесценция биолюминесценцияның дербес жағдайы болып табылады. Люцефераз ферменттерінің қатысуымен ауаның оттегімен арнайы люцефириндік заттардың тотықтандырылуы кезінде пайда болады. Тотықтану кезінде бөлінетін энергия есебінен люцефирин молекулаларының бір бөлігі
қозған күйге көшеді, олар негізгі күйге ауысқанда қарқынды сәуле шығарады – флуоресценцияланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *