АУЫСША ӘДЕБИ ТІЛ

АУЫЗША ӘДЕБИ  ТІЛ

Ауызша әдеби  тіл — ауызекі сөйлеу стиліне жақын, алайда әдеби тіл нормаларын сақтай отырып қалыптасатын тілдік қарым-қаты нас тың бір түрі. Адамдар алдын ала даярланған баяндаманы, дәрісті белгілі бір аудиторияға ауызша сөйлеу тілі арқылы жеткізіп, сұхбаттың түрлерін ауызша әдеби тіл арқылы жүзеге асырады. Сол сияқты радиодан, теледидардан берілген сөздер де тыңдармандарға жеткізілу формасы жағынан ауызша болғанымен, тілдік құралдарды пайдалану тұрғысынан әдеби нормаларға негізделеді. Ауызекі сөйлеу лексикасында қарапайым сөздерді қолдануға жол берілсе, ауызша әдеби тілде тілдің грамматикалық нормаларын сақтап, мәнерлік сипатын арттырып қолдануға рұқсат етіледі. Ауызша әдеби тілді қолданушы өзі айтып тұрған мәтіннің лексикалық құрамына, сөз үлгілеріне, сөйлем құрылысына, сөздердің орын тәртібіне жіті назар аударады. Дегенмен, жазбаша әдеби тілге қарағанда, ауызша әдеби тілде адресаттың сөйлеу мәнеріне, көңіл-күйіне, сезіміне, дауыс ырғағының ерекшелігіне мән беріледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *