АУЫСПАЛЫ МАҒЫНА Ауыспалы мағына – сөз қолданысқа түскенде ойды көркем жеткізу үшін қолданатын туынды мағына. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағына бір заттың екінші затқа, бір құбылыстың екінші бір құбылысқа түрі, қимылы, сипаты тұрғысынан ұқсауына байланысты жасалады. Сөздің ауыспа лы мағынада қолданылу тәсілдеріне әдебиеттану саласындағы құбылтулар, көркемдеуіш құралдар жатады. Мысалы: күннің көзі, сөз төркіні, жүректің кілті және