АУЫСПАЛЫ ГОВОР
Ауыспалы говор – белгілі бір аймақта екі немесе одан да көп говордың тілдік бірліктерін қабылдауына байланысты ортақ бір говордың қалыптасуы. Ауыспалы говорды кейде аралық говор деп те атайды. Мысалы: Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облыстарының бір-біріне жақын орналасуына байланысты сөздерінде ұқсастық болады. Бірақ орналасуы жағынан шалғай жатқан батыс пен оңтүстікке тән ортақ говорлар да бар екенін жоққа шығар маймыз. Мәселен, қой сияқты ұсақ малды жандық деп айту, шыныдан жасалған ыдысты шиша деп атау, қасқырды аламан деу батыс облыстарда тұратын қазақтардың да, оңтүстік қазақтарының да тілінде кездеседі.
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2005.