АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ СТИЛІ Ауызекі сөйлеу стилі – қарым-қатынас жасау нәтижесінде қалыптасатын, диалогке құрылған, өте кең тараған функционалдық стильдің бір түрі. Қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алатын стильдің бұл түрінің өзіне ғана тән фонетикалық, лекси калық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері бар. Ауызекі сөйлеу стилі күнделікті өмір салтындағы коммуникациялық бай ла ныс барысында қолданылып, стильдің басқа түрлеріне қарағанда ешбір шарттылықсыз, басым еркіндікке ие болады. Оларға бейресмилік сипат тән. Ауызекі сөйлеу стилі негізінен диалогқа құрылып, сөйлеуші өз эмоциясын білдіру үшін қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді емін-еркін қолдана алады. Сөйлеушінің сөйлеу мәдениетінің деңгейіне байланысты стилдің бұл түрінде диалекті, жаргон, арго сөздер мен варваризмдер қолданыла береді. Мәселен, сөйлеуші субьект «Көп сөйлемей, тыныш отыр» деген сөйлемді «мыл жыңдамай, тыныш отыр», «оттамай тыныш отыр» не болмаса «былшылдамай, тыныш отыр» деп айтуы мүмкін. Қарастырылып отырған стильде жоғарыдағы сөйлемнің қай түрін болмасын қолдануға жол беріледі. Аталған сөйлемдердің жалпы мағынасы бір болғанымен эмоционалды-экспрессивті реңктері әртүрлі бо лып келеді. Ауызекі сөйлеу тілінде бара жатырмын – бара жа тырық, келемін – келем, айтып отыр – айтывотыр, деп жатыр – дева тыр сияқты морфонологиялық құбылыстарға да жол беріледі. Функционалды стильдің басқа түрлерімен салыстырғанда ауызекі сөйлеу стилінде тілдік қарым-қатынасқа түсушілер бір-біріне ойын алдын ала дайындықсыз жеткізіп, хабарлы сөйлеммен бірге сұраулы, лепті сөйлемдерді де жиі қолданады