АССОНАНС

АССОНАНС

Ассонанс (франц. assonanse — үйлесу, үндесу) – бірыңғай дауыстылардың үйлесіп қайталанып келуі. Көбіне өлең сөзде дауысты дыбыстар үндесе қайталанып, тыңдаушының немесе оқырманның назарын аударады. Ол сөздің интонациялық — әуезділік мәнін көбейтіп, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады. Ассонанс поэзия мен прозада стилистикалық тәсіл ретінде жиі қолданылады. Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңіндегі

                                      Ереуіл атқа ер салмай,

                                      Егеулі наза қолға алмай,

                                      Еңку-еңку жер шалмай,

                                      Ерлердің ісі бітер ме? –

деген жолдарды ассонанстың озық үлгісі ретінде беруге болады. Біртектес дауысты дыбысты қайталау арқылы ойды көріктеу тәсілі  прозада да қолданылады. Бұл әдеби тілдің өркен-кестесіне әдемі  ажар, айшық қосады. Сөздің айтылу әуезін, мәнін арттырып, бояуы мен әсерлілігін күшейтеді. «Асығы алшысынан түсу», «обыр олжа үшін өледі» деген тіркестер,  «Ашу деген – ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген – дария, Алдын тоссаң, тоқырар» деген шешендік оралымдар  ассонансқа мысал бола алады.

Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *