
Анафора (грекше anaphora – биіктеу, жоғары шығу). Қайталаудың екінші бір түрі анафора делінеді. Анафора деп өлеңнің әр жолы ылғи бір сөзден басталып отыруын айта ды. Мысалы:
Бізде қару, бізде танк,
Бізде ұшқыш, самолёт.
Біз – болатпыз, біз – күшпіз.
Бізде қайрат, бізде от,
Бізде план, программ,
Бізде құрал, бізде ұран,
Біздің елге бір елі,
Тұмсығын жау сұға алмас. Өйткені біз беттесек, Бұзбайтұғын қамал жоқ!
(Жақан)
Қ.ЖҰМАЛИЕВ