Әлімұлы—қазақ халқын құраған Кіші жүз құрамындағы ірі үш рудың бірі. Шежіре бойынша «Қаракесек» деп те атайды. Әлімнің алты тармағы болғанына қарай, ел ішінде «Алты ата Әлім» деп те аталғаны мәлім. Белгілі ақын Ерімбет Көлдейбекұлы шежіресінде Әлімұлына Жаманақты (Шекті), Қарамашақты (Төртқара), Айнықты (Қараса қал), ұланақты (Қаракесек), Тегінболатты, Тойқожаны (Ақкете) жатқызады. Мұны тарихшылар С.Толыбеков, Х.Маданов, зерттеуші Қ.Салғараұлы, шежіреші ө.Ахметов те қостайды. Әлімнің тармағы алтау болғанымен, ұранға шыққаны— төртеу. олар: Жаманақ, ұланақ, Қарамашақ, Айнық.