
Төлебайұлы Олжабай (т.ө.ж. белгісіз)—ХVІІІ ғасырда өмір сүріп, қазақ-жоңғар соғыстарында ерлігімен танылған белгілі батыр. Сүйегі орта жүз арғын тайпасының сүйін дік руынан, оның ішіңде айдабол аталығынан тарайды. ол туралы тарихи деректер сақталмаған. Бірақ ел жа- дында қалған жыр, аңыз әңгімелерге қарағаңда Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Малайсары батырлармен жақын болып, ірі шайқастарда қоян-қолтық қимыл жасаған. олжабай—Абылайдың ту ұстаған батырларының бірі («Ала ту» деген лақап атқа ие болған). оның көптеген жорықтарына қатысып, хан жау қолына тұтқынға түскенде құтқаруға елеулі еңбек еткен. Абылай оны «Қу жарғақ» (атқан оқ олжабайға дари бермеген соң, солай атап кеткен) деп те атап кеткен. Халық ауыз әдебиетінде олжабай бейнесі тым асыра суреттеледі. Дегенмен, ол қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етуде елеулі еңбек сіңірген.