
Түкеұлы Райымбек (1730-1814) — жоңғар басқын шылы ғына қарсы күрескен батыр, қолбасшы. Сүйегі албан тайпасының алжан руынан тарайды. Атасы Ханкелді батыр 1733 жылы ұлы жүздің беделді адамдары Төле би, Қодар би, Сатай, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна иоановнаға елші жіберіп, ресейдің қоластына алуын өтінген. райымбек 17 жасында жоңғар шапқыншыларымен болған ұрыстарда ерлік көрсетіп, батыр атанған. Бейбіт кезеңде халық арасында әулие ретінде танылған, оның келешекті болжағаны туралы ел жадында көптеген аңыз, әңгімелер қалған. райымбектің есімімен аудан, ауыл, көптеген көшелер аталады. Соның бірі—Алматыдағы өзінің зираты жатқан райымбек даңғылы. оның ерлігі мен өнегелі өмірі жөнінде көркем, публицистикалық шығармалар жазылған.