Гильберт Уильям (1544 – 1603) – ағылшын физигі. 1600 ж. «Магнит, магниттік денелер және Жер – үлкен магнит…» деген ғылыми еңбегі жарық көрген. Онда магнетизм және электр құбылыстарына арналған 600-ден аса тәжірибе сипатталып түсіндірілген, магниттің әрқашан да екі полюсі болатыны, аттас полюстердің бірінен-бірі тебілетіні, ал әр аттас полюстердің тартылатыны т.б. құбылыстар қарастырылған. Жердің үлкен магнит екені түсіндірілген, оған жерде магнит тілінің солтүстік пен оңтүстікке бағытталуы себеп болатыны айтылған. Гильберт – электр туралы ғылымның негізін салушы. Жалын денеде үйкеліс арқылы пайда болған электрлік қасиетін жоятынын анықтаған. Жылу құбылысын бөлшектердің қозғалысы ретінде қарастырған (1590 ж.).