Герц Генрих Рудольф (1857 – 1894) – неміс физигі. 1888 ж. тәжірибе жүзінде бос кеңістікте таралатын электрмагниттік толқындардың болатынын дәлелдеген. Герцтің тәжірибесі Максвелл теориясы алдын ала болжаған әлгі толқындардың ашылуы болды. 1887 ж. Сыртқы фотоэффектіні ашқан.