Гейзенберг Вернер (5.12.1901 – 1.2.1976) – неміс физигі. Ғылыми жұмыстары кванттық механикаға, кванттық электрдинамикаға, өрістердің релятивтік кванттық теориясына, ядролар теориясына, магнетизмге, ғарыштық сәулелер физикасына, қарапайым бөлшектер теориясына арналған. 1925 ж. кванттық механиканың алғашқы нұсқасы – матрицалық механиканы тұжырымдаған. 1926 ж. пара- және ортогелий жүйелеріне арналғна екі терм жүйесінің айырмашылығын түсіндірген: паратермдер симметриялы, ал ортотермдер – толқындық функциялардың антисимметриялы шешімдеріне сәйкес болады. 1927 ж. микронысандарға (микрообъектілерге) классикалық ұғымдар мен түсініктерді қолдануды шектейтін анықталмағандық принципін тұжырымдаған. 1928 ж. П.Диракпен бірлесіп, алмасу күшін ендіре отырып, алмасулық өзараәсерлесуи деясын ұсынған және Я.Френкельге қатыссыз электрондардың алмасулық өзараәсерлесуіне негізделген ферромагнетизмнің алғашқы кванттықмеханикалық теориясын тұжырымдаған. 1934 – 36 жылдары Дирактың кемтік- тер теориясын дамытқан. 1934 ж. вакуумның полярлану эффектісінің болатынын постулаттаған. 1932 ж. изотоптық спин ұғымын енгізген, ядролық күштердің сіңіргіштігін көрсеткен. 1943 ж. өзараәсерлесулерді сипаттауға арналған маңызды құрал болып табылатын шашырату матрицасын енгізген (S-матрицаны).