Гамов Джордж (Георгий Антонович) (1904 – 1968) – американ физигі. 1928 ж. альфа-ыдырауды түсіндіру үшін кванттық механиканы қолданған. Осының нәтижесінде туннелдік эффект туралы түсінік пайда болды. 1946 – 48 жылдары нейтрондық қармау нәтижесінде химиялық элементтердің пайда болуын және «Ыссы Ғалам» моделін тұжырымдаған. Осы модель бойынша 1956 ж. реликті сәуленің шығуын алдын ала болжаған.