Галилей Галилео (1564 – 1642) – көрнекті итальян физигі. Физика ғылым ретінде Галилейден бастау алған. Адамзат Галилейге тек механиканың ғана емес, бүкіл физиканың дамытылуында үлкен маңызы болған екі принципін ашқаны үшін қарыздар. Олар: түзусызықы және бірқалыпты қозғалысқа арналған салыстырмалық принцип және ауырлық күш үдеуінің тұрақтылығы принципі. 1609 ж. инерция заңын, еркін түсу заңын, дененің көлбеу жазықтықпен қозғалуын (1604 – 09 жылдары) тұжырымдаған. 1609 ж. өзінің көру түтігін жасаған.