Вольта Александро (1745 – 1827) – итальян физигі, тұрақты ток көзін ойлап табушы. Л. Гальванидің «жануарлық» электріне қызыққан, 1792 ж. ол тәжірибені қайталап жасау кезінде бақаның бұлшық етіндегі қысқа мерзімді электр тогының шығуына «жануарлық» электрдің қатысы жок екенін, ізбектегі әртүрлі металдардың (әртекті екі металдың және сұйықтың) қасиеттерінен туындайтынын анықтаған. Эффектіні күшейту мақсатында жасалған көптеген тәжірибелер нәтижесінде 1799 ж. ұзақ уақыт жұмыс істейтін алғашқы гальвани (электрлік) ток көзі – вольт бағанын жасаған. 1795 ж. әрқилы металдардың біріне-бірі жанасқан кезінде өзара электрленетін құбылысын ашқан. Осы ток көзінің гальванилік полярлану құбылысын түсіндірген. 1787 ж. жалынның электр өткізгіштігін ашқан.