Вивиани Винченцо (1622 – 1703) – итальян ғалымы (математик). Э. Торричеллидің тапсырмасымен 1643 ж. атмосфералық қысымның болатыны туралы ғылыми тәжірибені жүзеге асырған. 1656 ж. Дж. Бореллимен бірлесіп ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығын анықтаған. Өзінен бұрынғылардың анықтаған жылдамдықтарынан дәл болды.