БРЮСТЕР Дэвид (1781 – 1868) – шотланд физигі. Полярландыру заңының біреуін тұжырымдаған. 1815 ж. диэлектриктің сыну көрсеткіші мен жарықтың түсу бұрышының арасындағы байланысты, жарықтың диэлектриктің бетінен шағылысқан кезде түгелдей полярланатынын (Брюстер заңы) ашқан. 1817 ж. калейдоскопты ойлап тапқан.