Арғын—қазақ халқын құраған көне тайпалардың бірі. Ше жіре бойынша орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қонысы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның ежелден келе жатқанын орхон жазба ескерткіштеріндегі, Қытай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерттеушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтайды. Қазақ шежіресінде Арғындар бәйбіше арғын, тоқал арғын болып екіге бөлінеді. Бәйбішеден тарағандар «Бес мейрам» аталып, Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (қозған), Шегендік (Қақсал), Қаракесек деген аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «Жеті момын» аталып Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл, Атығай, Сарыжетім, Шақшақ болып жіктеледі.