Алшын

Алшын—қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігі, Кіші жүздегі Байұлы, Жетіру, Әлімұлы сияқты тайпалар дың ортақ атауы. Ежелгі мекені—Алтай. Х ғасырда Алтай бойынан ойысып, Арал және Каспий теңізі маңындағы ежелгі тайпалармен араласып кеткен. Бір бөлігі қыпшақтармен бірге батысқа қарай жорыққа шығып, Мысырға дейін барған. Алшындар Х-ХІІ ғасырларда Қырымда болған. ХV-ХVІ ғасырларда Алшынның кейбір рулары Ноғай ордасының ны ғаюы үшін белсене күрескен. Кіші жүз шежірешілері Алшын атын қазақтың алғашқы биі Майқы есімімен де бай ланыстырады. Алшын ұрпақтары башқұрт, татар және Кіндік Азия халықтарының құрамында да бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *