АББЕ Эрнест Карл (1840 – 1905) – неміс физик-оптигі. 1872 ж. микроскоптағы кескіндердің пайда болу теориясын тұжырымдаған. 1878 ж. осы заманғы ең алғашқы оптикалық микроскопты жасаған, оптикалық микроскоптың ажыратқыштық қасиетінің жарық толқынының ұзындығына байланысты шектеулі болатынын көрсеткен.