Абақ—Керей руының бір тармағы. Керейдің «Төр шежі ресі» керей этнонимінің Абақ (Әппақ) деген әйелімен байланыстырып, Абақ керей сол ананың ұрпағы дейді. Ел ішінде «Абақ—үйсін Сармырзаның қызы. Күйеуі қайтыс болған соң Шымыр деген ұлын алып, төркініне кеткен. Нағашысы әлгі баланы кішкентайынан ашамайға мінгізіп «менің ашамай лы керейім» деп ертіп жүреді екен» деген аңыз сақталған. Абақ соңғы күйеуінен Құттықожа деген ұл туады. одан Майқы (би Майқы емес), Майқыдан: Ермен-изен, Жусан туады. Абақ керейдің қазіргі 12 атасы осыдан өрбиді.