Қарлығаш әулие

[«Қарлығаш әулие»]

Ел басына екі талай күн туып, ер сасқан, әйел етегін басқан қысталаң кездерде ұлы жүзді бастаған Төле би қонысынан аумай елін, жерін бүліншіліктен сақтап қалған, күші басым жауға қарсы шығып, қамсыз отырған халық қанын мағынасыз төкпей айла-тәсіл қолданған. осы арада Төленің даналығын бейнелейтін бір халық аңызы бар. Жоңғар шапқыншылығынан босып ел қаша көшкенде, Төле үйін жықпай жұртта қалыпты-мыс. Қалмақтың әскер басы бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, Төле би:
—Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді. Бұл бүкіл дүние жүзін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда, содан қорғаған жануар еді. Мен өз болашағымды қорғап қалған жануардың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым,—дейді.
Мұны естіген қалмақ қонтайшысы «бұл әулие» екен деп, оның өзіне де тимепті-мыс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *