Бухгалтерлік есептің санағы.
Бухгалтерлік санақ – бұл біртекті обьектілерінің экономикалық топтастыру тәсілі. Есеп көмегімен мүлікте және кәсіпорын міндеттемесінде жүріп жатқан өзгерістерді бақылауға болады.
Санақ жазбасы натуралды және есептік түрде жүргізіледі. Санақ әрбір есеп обьектісін ашады. Әрбір жеке санақ обьектінің алғашқы күйін және өзгерісін тіркейді. Сонымен, санақ – бұл есеп тапсыру кезінде қолданылатын жинақтаушы туралы ақпарат.
Бухгалтерлік санақты схематикалық түрде екі жақты кесте түрінде, сол жағы – дебет, оң жағы – кредит деп көрсетеміз. Дебет және кредит термині шаруашылық операцияларда бухгалтерлік есеп санағының әртүрлі процестерін орындау үшін қолданылады.
Әрбір санақ өзгерісін көрсету үшін айдың басындағы бухгалтерлік баланс негізінде жаңа бухгалтерлік есеп ашу қажет.
Есеп ашу – бұл қалдықты (сальдо) айдың басына жазу болып табылады. Активті санақта сальдо дебетке қарай жазылады, ал пасивті санақ кредит бойынша жазылады.