
Абылайдың қамал бұзған жері (V нұсқа)
Абылай хан 12 жасында қасында оразалық деген сарт бар екен. Түркістан шаһарына келіп Әбілмәмбет патшаға келіп қызмет қылады. онда орнығып тұра алмай, ұлы жүз үйсін Төле бидің түйесін бағады. онда да байырлап тұра алмай, Сарыарқаға шығып атығай-қарауылдың ішіне келіп, Дәулеткелді байдың түйесін бағыпты. —Атың кім?—деп сұрағанда, —Атым—Сабалақ,—дейді екен.
Бәйбішесіне айтыпты:
—өзге малшыдай көрмей, мұны күте гөр! осы Сабалақ анық сарт емес, анау оразалық сарт болса, болар, көзі алақандай, табаны түйенің табанындай жап-жалпақ, көзіне не көрінсе соны ішіп-жеп, аузынан суы ағып, ессіз-түссіз болып отыра береді. Мынау Сабалақтың еш нәрсемен ісі жоқ, ойлағаны ақыл-ой, езу тартып күлмейді. Қабағын шытып келмейді. Алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен қойып ас ішпейді. Жарты аяқ ас ішсе, сарқытын кісіге бермей кө ңілі көншімейді. Жерге бір отырмайды. Дәнеме табыл маса, ен далада киімін шешіп астына салып отырады. ұйықтап жатқанда үсті жап-жарық болып тұрады. Сыйлап ұстай гөр, қасиеті болып, бір нәрсеге ұшырап қалып жүрмейік,—дейді екен.
Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере қара қалмақ ханы Сыбан деген жау алыпты. Қазақ елінің батырла ры тү гел аттанды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы көк жал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, керей уақтан Сары, Баян бәрі аттанып қалмаққа барса, қалмақ шеп құрып, айналасын қорған қылып, шептің айналасына жайнатып жасау төгіп, қыз-келіншек қойып, қазақ тың батырлары жасауға қызығып шапса, ар жағындағы бұғып жатқан мергендер атып тастай беріпті. Қалмақ қазаққа алдырмапты. Неше күн қамалып жатса да, қалмақ тан жылқысын айыра алмай, салы суға кетіп, қайтпақшы болыпты.
Сонда жылқының соңынан қалмақты бірге қуысқан Сабалақ та бар екен. Қазақтың қайтуына көзі жеткен соң, көптен оңаша шығып атынан түсіп, шүберек белбеуін құрығының басына байлап ту қылып, қалмақтың қама лына «Абылай, Абылай!» деп айғайлап жалғыз барып кіріп кетіп ті дейді. Кірген жерін есік, шыққан жерін тесік қылып жа па дан жалғыз қалмақтың қамалын бұзып тастаған соң, қа зақ тың батырлары тұс-тұстан кіріп кетті. Қалмақты жесір-же бір қылып шауып, шаншып, талап, шашетегінен олжаға қарқ болып қайтысыпты.
Жауды жеңіп көңілдері тынған соң, арғын, найманның батырлары:
—Кеше бізден айтылмаған әруақ, шақырылмаған ұран қалған жоқ. Бәрі де дәнемеге жармады. өзі жалғыз болса да, бәрімізден бақ-талайы жоғары, әруағы күшті екен. Бұрынғының сөзі бар еді «қозы асығы деме, қолайыңа жақса, сақа қой» деген, осыны хан көтерейік,—деп атығайқарауылдың ортасына алып келіп, ақ отау көтеріп, алты қатын алып беріп, ақ кигізге салып хан көтерген екен.