Абылайдың іздеттіруі

Абылайдың іздеттіруі
Абылай да Ескелдіні ес тұтқан. Бірде қалмақ бас қын шылары жауынгерлерінің жойқындығын, дүбірлі екенді гін сезген Абылай сарбаздарына:
—Қыспаққа түскелі тұрмыз-ау, бас көтерер ер азаматты түгел жинаңдар. осы маңда өзі батыр, өзі мерген, ақылы алғыр, сөзге шешен, елге көсем, ұлы жүз Жалайырының Ескелді атты азаматы бар. Сол батырды алдырып, бір жасаққа қолбасы жасаңдар,—деп нұсқау береді.
Ескелдінің де тепсе, темір үзетін, айбынданса, орда бұзатын кезі екен. Абылай хан қолқа салған Ескелді қаптаған жау жасағына тойтарыс беруге бірден аттанады. Қалмақтардың алғы тобының қалың шебіне қырғидай тиіп, бекіністерін талқандап, жеңіске жетеді.
Ескелді бастаған ел қорғаушылар Іле, Бақанас бойында да жоңғарлардың жойқын күшіне қарсы шығып, елі мен жерін азат еткен. онан кейін Қабанбай батырдың қолына қосы лып, жоңғарлардың есін жиғызбай қатты соққы беріп, шекара дан асыра қуған.
Іле өзенінің солтүстік жағалауы мен Балқаш көлінің бойындағы, Текелі тауы мен Қапал қырындағы жоңғар шапқыншыларын талқандауда да Ескелді бастаған сарбаздар ерлігі ел есінде көп сақталып, ескі шежірелердің арқауына айналған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *