Мегаәлемнің физикасы

Мегаәлемнің физикасы. Жалпы толқындық астрономия. Физика тарихында астрономиялық ашылулар физиканың дамуын толық анықтайтын кезең де болған. Осындай кезең болып ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы саналады. Астрономия немесе қазір мегафизика деп аталатын, қазіргі заманғы физиканың дамуын анықтайды. Сондықтан мұнда біз оның жетістіктерін де қарастырамыз. Бұл қалып астрономияның оптикалықтан жалпы толқындық ғылымға айналуымен түсндіріледі. Мегафизика қазіргі заманғы құралжабдықтар үлкен мүмкіндіктер тудырады. Дүниеде астрофизикалық комплекстер бар. Оларды жасауға қазіргі заман физикасы мен техниканың мүмкіндіктері қолданылады. Тіпті қазіргі заманғы жоғары технологиялардың шыңы болып табылатын әскери және ғарыштық техниканың өзі астрофизикадан төмен тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *