Клаузиус Рудольф Юлиус Эммануэль

Клаузиус Рудольф Юлиус Эммануэль (02.01.1822–24.08.1888) (40сурет) – неміс физигі, Берлиндік ҒА (1876) және басқа да ғылым академиялары мен ғылыми қоғамдардың корреспондент-мүшесі. Кеслинде пастордың отбасында дүниеге келген. Берлин университетін аяқтап, доктор атағын алады (1847). Берлиндегі Королдық артиллериялық техникалық мектепте оқытушы болып қызмет атқарады. 1855 жылдан бастап Цюрихск политехникумында оқытушы, 1867 жылдан – Вюрцбергск профессоры және 1869 жылдан – Боннский университетінде қызмет атқарады.
Молекулалық физика, термодинамика, теориялық механика, математикалық физика облыстарында жұмыс жасаған. 1850 жылы У. Ранкиннен тәуелсіз жылу мен жұмыс арасындағы жалпы қатынасты алды (термодинамиканың бірінші бастамасы) және бу машинасының идеал термодинамикалық циклін өңдеді (Ранкин-Клаузиус циклі). Екінші бастаманың математикалық өрнегін кері процесстер жағдайында берді, энтропияның өзгерісі процестің өту бағытымен анықталатынын көрсетті. Газдың кинетикалық теориясына

40 сурет. — Клаузиус статистикалық көрінісін, молекулалар қозғалысының
Рудольф сферасы туралы түсінік енгізіп, алғаш ыдыстың
Юлиус Эммануэль қабырғасындағы газ қысымын теориялық түрде
есептеп берді.
1870 жылы бөлшектер жүйесінің орташа кинетикалық энергиясын оған әсер ететін күштермен байланыстыратын, вириал теоремасын дәлелдеді. Заттың балқу температурасының қысыммен байланысын негіздеп берді (КлайперонКлаузиус теңдеуі).
Джоуль-Ленц заңын теориялық негіздеп, термоэлектр теориясын дамытты, электролитті диссоциация туралы ұғымды енгізді. Поляризация теориясын өңдеп, О. Моссоттиден тәуелсіз диэлектрлік өтімділік мен диэлектриктің поляризделуі арасындағы қатынасты қорытып берді (КлаузиусМоссотти формуласы).
Клаузиус ішкі энергия туралы түсінікті енгізіп, бірінші бастаманың нақты математикалық формасын берді, сондай-ақ, термодинамиканың екінші бастамасын жаңа тұжырымдамасын берді: жылудың анағұрлым суық денеден анағұрлым ыстық денеге өздігінен берілуі мүмкін емес. 1865 жылы ол жаңа шама, термодиамикадағы іргелі орын алатын – энтропияны енгізді. Бұл идеал қайтымды процестерде тұрақты және нақты процестерде артатын шама.
Механикалық процестер мен жылулық құбылыстар арасындағы
байланыстың нақтылығы газдардың кинетикалық теориясында іске асырылады.
Кинетикалық теория көптеген құбылыстарды түсіндіре алды: диффузияны, еруді, жылуөткізгіштікті және т.б. Молекулалар арасындағы әсерлесуді және олардың өлшемдерін есепке алу Иоганнес Дидерик Ван дер Ваальсқа (1837-1923) тиесілі болып, 1873 жылы идеал газ теңдеуіне түзетулер енгізіп, нақты газдарды сипаттап берді.
Барлық процестер қайтымды болғанда, термодинамиканың 2 бастамасының тұжырымдамасы дәстүрлі механикалық түсініктерге сай келмеді. Бұл қиындықтарды шешу Максвелл мен Больцманның қолынан келді, олар физикалық құбылыстардың ықтмалдылығы түсінігін енгізіп, механикадағы динамикалық заңдардың орнына термодинамикада статистикалық заңдарды қойды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *