Карно Никола Леонард Сади

Карно Никола Леонард Сади (01.04.1796 – 24.08.1832) (39-сурет) – француз физигі және инженер. Парижде әскери басшы, саясаткер және оқымысты Л. Карноның отбасында дүниеге келген. Политехникалық мектепті 1814 жылы аяқтаған. 1814-19 және 1826-27 жж. – әскери қызметте инженер ретінде жұмыс атқарған.
Термодинамиканы құрушылардың бірі болып табылады. 1824 жылы «Оттың қоғаушы күші және осы күшті келтіретін машиналар туралы ойлар» атты шығармасында, мәңгілік қозғалтқыштың болмайтынынан шығып, алғаш рет, пайдалы жұмысты ыстық денеден суық денеге жылудың өтуі арқылы алуға болатынын көрсетті (термодинамиканың 2заңы).
Айналмалы және кері процесстер түсінігін енгізіп, жоғары қысым буының бу машиналарында

қолданылу шектерін және оның ұлғаюын көрсетті,
39 сурет. — Карно Н.Л.С. газды жылу машиналарының жұмыс істеу принципін тұжырымдап берді.
Карноның ойлары оның жаңашылығымен басында байқалмай қалып жатты. Тек 1834 жылы француз физигі және инженері Бенуа Поль Эмиль Клайперон (1799-1864) осы жұмыстарға мән берді, Карноның алғашқы циклін екі изотерма мен екі адиабата циклдерімен алмастырды және Бойль және ГейЛюссактың заңдарын біріктіретін газ күй теңдеуін қорытып шығарды. Ең ақырында жылу мен жұмыстың эквиваленттілігі туралы идеяны 184243 жж. неміс дәрігері Юлиус Роберт Майер (1814-1878) және Джоуль тұжырымдап берген және жылудың механикалық эквивалентін сандық анықтаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *