Фонетикалық қателер

Фонетикалық қателер

Балалар мектепке келгенде сөйлеу мүшелері (аппараттары) жетілген, есту мүшелері дамыған, яғни сөздердің мағынасын ажырата алатын және практикада пайдалана алатын дәрежеде болады. Дегенмен балалардың сөйлеу тіліне зерттеу жүргізіп бақылаған ғалымдар оқушылардың тіл дыбыстарына байланысты кемшіліктерінің барлығын байқаған. Ол туралы С.Ф.Иванова «…значительная часть учащихся 5 класса не владеет достаточно четкой членораздельной речью, что отражается и на их науках письменной речи плохая дикция часто является ошибок типа описок», деген пікір айтады [2, 102].
Мұндай кемшіліктер қазақ мектептерінде де кездеседі. Атап айтқанда, 4-5 сынып оқушыларында орфоэпияға байланысты мына сияқты қателерді байқауға болады. Мысалы, 4-5 сынып оқушылары кітап оқу кезінде дыбыстардың (о, ә, ү, у, ұ) екінші-үшінші буында жазылмауына байланысты сол буындарда келетін езулік дыбыстарды еріндік қып жібереді, ал бұны оқушы ескермей айтылуда езулік қып айтып, орфоэпия заңын бұзады.
Мысалы, жазылуы айтылуы
домбыра домбұра
жорық жорұқ
Оқушылар басқа тілден енген сөздерді сол тілде қолданылуына байланысты сіңісіп кету нормасына көңіл бөлмейді.
Мысалы, чай-шай, ботинка- бәтіңке, сатин- сәтен, костюм- кастюм.
Оқушылар тілінде жергілікті, диалектикалық ерекшеліктерге байланысты айтуда да, жазуда да дыбыстық қате жіберіледі. Мұндай қателер а, ә, ы, і дыбыстарына байланысты жіберіледі.
Мысалы, Күләнда- Күләндә, Балжамила- Балжәмилә, Ақлима- Ақлимә, т.б.
Оқушыларда е дыбысы мен ә дыбысын алмастырып айту кездеседі. Себебі ә, е дыбысының жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде ә дыбысы сирек қолданылған, сондықтан болар э дыбысын е ғып айту жиі .
Мысалы, экран- екран, электр- електр, т.б.
Жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты е дыбысы ы, і, ә дыбыстарымен алмастырылып қолдану кездеседі.
Мысалы, ешкім-ішкім, ештеме- іштеме, әдемі- әдеме ,т.б.
Әсіресе, қазақ тілінде кейбір дыбыстардың алдында, егер ол дыбыс сөздің басында келсе, алдынан келсе, ы, і естіледі, соған байланысты оқушылар оны солай айтады, кейде солай жазады.
Мысалы, жазылуы айтылуы
лай ылай
рас ырас
ренжу іренжу
лайық ылайық

Екі дауыссыздың арасындағы ы, і дыбыстарын түсірмей жазып қою жиі байқалады.
Мысалы, арттыру- арыттыру, көрсетті- көрісетті, білдірді- білідірді, т.б
Кейбір дауысты дыбыстардың сөз ішінде солғын естілуіне қарай оқушының жазуда қате жіберетіндігі байқалады.
Мысалы, қатынас-қатнас, халықаралық- халқаралық, т.б.
Әдеби тіл нормасына байланысты тілдегі сан алуан нұсқаларды талғап-таңдауда бірізділік байқалмайды. Ондай нұсқаның қай түрін қолдану сөйлеушінің , жазушының өз қалауында болып қалады.
Мысалы, тірідей- тірілей, айқай-айғай, азар- әзер, түгендей- түгелдей, т.б.
Нұсқалардың тілдің даму тенденциясына лайықты түрін өрістете жұмасап, артықшылық беріп отыру немесе олардағы нәзік айырма, реңдерді дер кезінде тап басып тани білу оңай шаруа емес. Жарыспалы жүйенің мынадай түрлерін газет-журналдардан жиі кездестіруге болады.
Мысалы, ақшалай-ақшадай, жылылай- жылыдай, бірлі-жарым- бірді-жарым, жаңалай- жаңадай, т.б.
Жалпы халықтық тілдегі мұндай жарыспалы қолданыстың қайсысы әдеби тілдің нормасына лайықты? Осындай сұрауға келгенде, нормалаушы сөздіктерге, заңдарға қол созамыз. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» «д» нұсқасы алынған (кәрден-кәрлен емес, тірідей- қарадай), «л» нұсқасы да кездеседі (жылай, тірілей, шикілей). Оқушылар үшін бұл нұсқалардың бірін ғана көрсету қажет. Себебі мектеп көлемінде сол бір нұсқа бойынша жұмыс жүргізілсе, бұл тіл дамыту, жазба жұмыстарын нәтижелі етуге әсерін тигізеді.
Қателерді болғызбас үшін қатемен жұмыс түрлерін үнемі, мақсатты, жүйелі жүргізіп отыру қажет. Әрбір жазба жұмыстарынан кейін қатемен жұмысқа мән беріп, оны орындап отыру жөн болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *