Қалдыбай А.А. — ҚарМТУ студенті, (ТТ-16-1 тобы)
Сейдуалы А.Б. — ҚарМТУ студенті, (ТТ-16-1 тобы) Ғылыми жетекші – оқытушы Кулейменова Л.М.
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІ – ЖАҚЫП АҚБАЕВ
Қазақтың азаттығы мен теңдігі үшін күрескен әрбір тұлғаны тану, олардың өмірі мен қызметіне лайықты баға беру, түгендеу бүгінгі ұрпақтың парызы.
Алаш қозғалысы дегенде, баршамыздың ойымызға ең алдымен Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедұлы, Әлімхан Ермеков, Бақтыгерей Құлманов, Жақып Ақбаев сияқты қайраткерлер түседі.
Алаш қозғалысы қашанда қазақпен бірге өмір сүретін ұлттық намыс пен рухтың тарихи сабағы.
Қазақ ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау –ұрпақтың жадынан шықпайтын қасиетті борышы деп білеміз. Қазақ тарихындағы ең ірі ұлтазаттық қозғалысқа үлес қосқан Алаш азаматтарының еңбектерін зерттеуге бағытталған бірқатар ізденістер жасалды.К.Нүрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің, Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің,
Т.Омарбековтің, М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің,
Д.Қамзабекұлының, М.Төж-Мұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның,
Д.Аманжолованың, А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, Қ.Сақтың, К.Ілиясованың т.б. еңбектері – алаштануға қосылған қомақты үлес деп айтуымызға болады. Алаш тарихыкөп зерттеулерді қажет етеді.Қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру – қазақ қоғамы үшін аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Себебі Алаш қозғалысының идеялары – ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты құндылық[1, 2 б].
Жоғарыда айтылған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі Әлихан Бөкейхановты, Ахмет Байтұрсыновты бүгінгі қазақ баласы жақсы біледі деп айта аламыз. Сол Әлихан мен Ахметтердің сенімді серігі, оқ қолы болғанЖақып Ақбаевқа азырақ тоқталсақ деп едік.Ол 1876 жылы 25 қазанда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Беріқара болысы, №3 ауылының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған.1886 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ интернатында оқып, 1889 жылы Омбы гимназиясына ауысып онда бір жыл оқып,1898 жылы бітіріп шығады да, Санк – Петербург университетінің заң факультетіне түседі.1903 жылы 1- дәрежелі дипломмен бітіріп шығады[2, 132 б].
1903-1905 жылдвры Омбы сот мекемелеріндеқызмет етеді. 1905-1907 жылдардағы бірінші россиялық революция Жақып Ақбаевтың саяси көзқарасына үлкен әсер етеді. Сол жылдары Ақбаев Петропавл, Омбы, Семей, Павлодар, Баянауыл, Қарқаралы қалаларында шерулерге қатысып, митингілер мен жиналыстарда сөз сөйлеп, еңбекшілерді патша өкіметінің отаршылық саясатына қарсы күреске шақырады.
1906-1918 жылдары Семей округтік сотында қызмет жасайды. 1906 жылы имераторға тіл тигізгені, патша үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін тұтқындалып, 1908 жылы Омбы арқылы Якутияға, ал 1910 жылы патша өкіметіне қарсы күресін тоқтатпағаны үшін Тобыл қаласына жер аударылды.
1917 жылы Алашорда үкіметінің мүшесі қатарына кірді. 1917 жылы 7 июльде Колчактың әскери-далалық соты Ақбаевты әскери-казак диктатурасын құлатып, Совет өкіметін қалпына келтіру үшін халықты көтеріліске шақырды деген айыппен өлім жазасына кесті. Совет өкіметінің қалпына келтірілуімен азаттық алған Жақып Ақбаев 1919-1927 жылдары Семей губревкомының құрамында заң бөлімін басқарды. 1927-1928 жылдары Сырдария округтік адвокаттар коллегиясының мүшесі болды. 1929 жылы жалған айыптармен репрессияға ұшырап, Воронежге жер аударылды. 1934 жылы сырқатына байланысты түрмеден босатылды. Алматыға келген соң көп ұзамай қайтыс болды[3, 47 б].
Жақып Ақбаев өз артынан көптеген зерттеу еңбектерін қалдырды. Сол еңбектерінің бірі Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің Жазбаларында 1907 жылы жарық көрген «Қазақтардың қатардағы правосы, оның ішінде семьялық-неке правосы» деп аталатын еңбегін айтуымызға болады [4,15 б].
Қазақтың ұлттық мүддесін жақтайтын жолды таңдаған, қазақтың біртуар перзенті, «Алаш» партиясының белсенді мүшесі, алғашқы құқық, заң, магистрі – Жақып Ақбаев туралы білу бүгінгі ұрпақтың парызы.
Алаштың асыл азаматы, Арқаның ардақтыларының бірі Жақып Ақбаевтың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Біздің ата рухы алдындағы перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайықты еңбек ету, өткенге құрмет көрсету.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Казахстан в начале ХХ века: методология, историография, источниковеднение. Сборник статей. Алматы, 1993.
2. Кул-Мұхаммедов М. А. Жакип Акпаев. Патриот. Политик. Правовед. Алматы, 1995.
3. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Ж. Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарастары. Алматы: Жеті жарғы, 1996.
4. Қозыбаев М.Қ. Ақтандақтар ақиқаты. Алматы, 1992.
Қуаныш Н.Қ. – ПМПИ студенті (Д — 31 тобы)
Адаева А.Қ. – ПМПИ студенті (Д — 31 тобы) Ғылыми жетекші – аға оқытушы Мурзатаева А.Қ.