Реферат

1. Реферат (лат.referre- баяндау, хабарлау) – бұқаралық баяндама, қандай да бір мәселенің негізін мазмұндау.
Реферат — бұл бір немесе бірнеше көздердің негізінде берілген тақырып бойынша студенттің орындайтын жазбаша жұмысы. Бұл шығармашылық сипатта болатын өз бетімен жұмыстың бір түрі.

2. Рефератты жазудағы ең басты мақсаты: зерттеу тақырыбы бойынша мәселенің негізгі мазмұнын ашу, жұмысты орындау барысында кейбір мәселелерді мәтін ішінде әртүрлі туындыгерлердің жазған көзқарастарын ашып көрсету және берілген мәселеген қатысты өзінің көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Жұмыста өзінің тікелей көзқарасын көрсету міндетті емес, өйткені зерттеу мәселесі тек бір ғана көздің ұстанымын қанағаттандырады. Бірақ бұл жағдайда тек атақты, белгілі ғалымның айтылымына ғана қатысты өзіңіздің негіздемеңізді дәлелдеуіңіз қажет.

3. Жұмысты дұрыс орындау үшін, келесі шарттар іске асырылуы тиіс:
• Мәселені қалыптастыру. Қалыптастыру ең бірінші жұмыстың мақсатын анықтаумен басталады. Рефератта сіз не туралы айтқыңыз келеді, соны ғана ұсынасыз. Сол үшін ұсынылған мақалада және монографияда, оқулықтың тиісті бөлімін оқуыңыз қажет. Бұл сізге ерекше қызықты да, тиімді болып табылатын мәселенің аспекттерін таңдауға көмектеседі.
• Тапсырманы орындау үшін ең алдымен жұмыс жоспарын құрып алу керек. Егер тақырыппен жоспар бірге берілсе, бұл жұмысты орындаудың міндетті жоспары емес. Жоспарды мәселеге қатысты тікелей өзіңіз де құруыңызға болады. Жұмысты құрылған жоспар бойынша орындау барысында, міндетті түрде жұмыстың мақсаты іске асырылуы қажет.
• Рефератты орындау үшін ұсынылған әдебиеттер тізімін оқып білу керек. Содан кейін, өзіңіздің ойыңызша олардың ішінен тапсырманы орындауға қажетті деген кітаптарды таңдап аласыз.
• Әдебиеттер тізімімен танысқаннан кейін, сізге рефератты жазуға көмектесетін кітаптар тізімінің көшірмесін жазап аласыз.
4. Рефарат тақырыбын таңдау.
5. Тапсырманың тақырыбы сынақ кітапшасының ақырғы екі санына сәйкес таңдап алынады. Мысалы, сынақ кітапшасының нөмір: ГР. 324567. Бұл, сіздің тақырыбыңыздың нөмірі сынақ кітапшасының ақырғы екі санының қосындысына сәйкес екендігін білдіреді, яғни 13.
6. Рефератқа қойылатын талаптар:
• Жұмыс көлемі – ең аз бет А4 стандартты форматтағы 10-12 беттік баспа мәтіні, барынша көп 15-20 бет.
• Беттерде тікпе мен ескертуге арналған жолағы болуы тиіс.
Сол жағы — 2,5 см., жоғарғы және оң жағы — 1,5 см., ал төменгісі — 2 см.
• Шрифт — 14
• Жұмыс беттері нөмірленуі тиіс.
• Рефератың құрылымы:
a) алғашқы бет
b) жұмыс жоспары
c) мәтін
d) әдебиеттер тізімі
e) қосымша (фотосуреттер, схемалар, диаграммалар және т.б.)

Алғашқы бет былайша әзірленеді:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. Серикбаева атындағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 


Реферат


Тақырыбы: «1720-2004 жж Өскемен қаласының дамуы мен қалануы»

 


Орындады: студент гр. 04-АА-1
Аверьянов А.
Қабылдады: оқытушы
Джақсылықов А.Ф.

 

Өскемен
2005

1.2 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША РЕФЕРАТТАР ТЕМАТИКАСЫ

ЕРТЕ КӨШПЕНДІЛЕР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

Тақырып 1 Қазақстан аймағындағы ертедегі қоғамдар

Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы: халықтары мен мәдениеті / Н.Э.Масанов, Ж.Б.Абылхожин, И.В.Ерофеева и т.б. — Алматы: Дайк-Пресс, 2001
2. Біздің эрамызға дейінгі ерте кездегі Қазақстан тарихы: Очерк. — Алматы: Дәуір, 1993.
3. Қазақстан Республикасының тарихы: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / А. Күзембайұлы, Е. Абил. -5-ші басылым., қосымша енгізіліп қайта өңделген. — Астана: Фолиант, 2001
4. Қазақстан тарихы: Оқу құралы/ Г.В.Кан. -Алматы: Аркаим, 2002
5. Қазақстан археологиясының мәселелері /К.А. Акишев, К.М. Байпақов – Алматы, 1979

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *