Көркем сөз оқушының өзін ұстауы,тұрысы

22Көркем сөз оқушының өзін ұстауы,тұрысы.
Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы — әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа, сұлулыққа,көркем сөйлеуге тәрбиелеу, көркемсөз оқыту арқылы шешен сөйлеуге дағдыландыру.
Көркемсөз оқуға баулу көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі.
Мәнерлеп оқудың кезінде :
•оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін
сезіндіру;
•көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз
бояуларының нақышын сезе білу;
•көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне
болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етілсе, көркемсөз оқуда оқушының тіл тазалығы, дикциясы, мақамы және психологиялық болмысы есепке алынады. Көркемсөз оқу мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап ету қажет.Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіп отыру да қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *