Кідіріс. Оның мәнерлеп оқудағы мәні. Кідірістің түрлері

Кідіріс. Оның мәнерлеп оқудағы мәні. Кідірістің түрлері.
Сөйлеген сөз не оқылатын мәтіндегі сөйлемдер ешбір толассыз шұбыртылып айтыла бермейді, олардың арасында белгілі бір үзіліс, толас болады. Кідіріс деп сөз түйдегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады.
Мәнерлеп оқуда не әңгімелеп беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқығанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасау жай ғана кідіріс емес. Ол- әдеби мәтіннің мән-мағынасын ашып беру тәсілі болып табылады. Мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді. Кідіріс ұзақ, орташа, қысқа болып бөлінеді. Қысқа кідірістер сөйлемдегі сөздерді бөліп тұрады. Ал орташа толасты – логикалық кідіріс дейді. Ол сөйлемнің аяқталғанын білдіреді, айтылған сөзге сымбаттылық әр кіргізеді, екінші сөзбен айтқанда, бір ойды аяқтап, екінші ойға көшу, немесе бүтін мәтіннің бір бөлімінен келесі бөліміне көшу жайлы емеурін білдіреді. Кейде жазба тілде мәтіннің мұндай бөліктерін абзацтан бастайды. Алайда сөз түйіні үзілістің ұзақтығында ғана емес, мазмұнына байланысты болады. Кейде ұзақ толас психологиялық кідіріске айналып кетеді де, көркем сөйлеудің мәнерлі тәсілі ретінде сөз мағынасын күшейтеді. Станиславский: «психологиялық кідіріс – ойды үнсіз емеурінмен тап басып дәл жеткізу тәсілі. Үнсіз толас жасаудың өзінде салмақты мән жатыр, өйткені ол сөзді көзқарастың түрлі өзгерісімен, пішіннің құбылуымен; сондай-ақ қарым-қатынас жасауды өзінен-өзі не әдейі қолданылатын болар-болмас қимыл әрекеттерімен толықтырады», — дегнді.
Сөйтіп, логикалық кідірісті мәтіннің мағыналық түйінін меңзеуге, ойды ұштауға қолдансақ, психологиялық кідірісті тыңдаушылардың көңіл күйіне әсер ету үшін пайдаланымыз.
Психологялық кідіріс сөйлеушінің толғаныс-тебіреністерімен байланысты келеді. Бұл – көркем сөз орындаушының хабарлап тұрған жайтқа деген өз көзқарасына, сөз төркініне,сөз астарына байланысты болады. Сөйтеп бұл жайт оның творчествалық жұмысын сипаттайды. Мұндай кідірістер мәтіннің басында, ортасында, соңында келе беруі ықтимал. Ол тыныс белгілерімен дәл келуі де, келмеуі де мүмкін.Өйткені ол мәтіннің психологиялық мазмұнына байланысты болмақ.
Мәтінді оқуға не әңгімелеп беруге даярлағанда психологиялық кідірісті алдын ала белгілеп алу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *