Орысша оқушылар

Орысша оқушылар

 

А.Байтұрсынов

…Биыл қазақтан келген қырық баланың төртеуі-ақ кірді, басқалары өз күшімен оқуға ауқаты жоқ болған соң, қазына орыны жетпеген соң еліне қайтты. Жылда учительский школаға 40-50 бала келеді, төртеу-бесеуі, яғни оннан бірі кіріп, басқалары оқуға қаржы таба алмай, еліне қайтады. Бұлар городской, губернский класты, сельский школа бітіргендер. Олар оқырлық орындар шамалы; учительский школаға, семинария, адам фельдшері я мал фельдшерінің школалары. Торғай мен Орал облысында фельдшерлік школалар жоқ. Семинарияларда қазақ стипендиясы я тіпті жоқ, я бар болса аз, жоқ есебінде. Киргизский учительский школада қазына орны 60, оның жартысы қазаққа, жартысы орысқа деп, ол жағынан да үлкен ауыл үлкендігін қылатын көрінеді. Торғай мен Орал облысының қазағы дендеп, көбірек оқитын орны киргизский школа, бұған кіре алмай қайтқаны оқи алмай қалғаны. Бұлардың 5-6 жыл оқып білгені шала-шарпы орыс тілі, шала-шарпы орыс жазуы. Білгендері шала-шарпы мұсылманша хат біледі, білмегендерінде ол да жоқ. Перефодчик, хатшылық орын-морын табылса жарады, табылмаса елде тұрып тіл де, жазу да ұмытылып, оқымаған қалпына түседі. Сана-саңылау түскендей я мұсылманша, я орысша жете оқыған жоқ: «аз білімін көпсініп, көп қазаққа епсініп», переводчик я хатшы болса, пысықсып тікектейтіндер осылардан шығады. а болса да, шолақ оқулыларымыз тәуір бар. Ең аз болса һәр облыстан шолақ оқумен қалатын қазақ баласы 50-60 болады. Бұлардың қызметке кіргендері қазаққа епсінумен, үйінде тұрғанының оқығанынан жұрнақ қалмайды
Жоғары һәм орта оқулыларымыз аз болса да, шолақ оқулыларымыз тәуір бар. Ең аз болса һәр облыстан шолақ оқумен қалатын қазақ баласы 50-60 болады. Бұлардың қызметке кіргендері қазаққа епсінумен болады, үйінде тұрғанының оқығанынан жұрнақ қалмайды.
«Асыл тастан, өнер жастан» деуші еді, шырақ ұстап, жұрт алдына түсіп, түзу жолға бастайтын адамдар шығар деп, үміт ететін жастарымыздың жайы осы. Орысша оқығандарымыздан пайда жоқ деп қазақ өкпелейді. Сондағы оқығандарымыз дейтіні шолақ оқулылар болса, оларға өкпе жүрер ме? Егер де оқығандарымыз деп жоғары я орта оқулыларды айтса, олар тіпті аз-ақ емес пе? Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек. Үлкен үй салуға да қанша жұмысшы керек, жеті облыс қазақтың жұмысы үй жұмысынан ұлығырақ іс емес пе? Егер де оқу іздеген талапкерлеріміздің қырықтан төртеуі ғана оқырлық орын тауып, басқалары қаңғырып далада қалып отырса, жұрт жұмысшысы көбейіп мандыр ма, жұмысшы көбеймесе, жұрт жұмысы ілгері өнер ме? Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе? Бұ да сол сияқты емес пе?
Сол қаңғырып тұрған балалар ұлттың ұлы емес пе? Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. Бала деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан қазына, қазынаға борыштымыз деп жүр. Жастарды оқыту расходынан қашып, қазынаға борышты қылып қойса, жастарда не жазық бар? Баланы ұлша тәрбиелесең ұл болмақшы.
Жоғарыдағы айтылған сөздердің ақтығы мынау: әуелі, қазақ, жұртшылық етіп оқимын деген жастарыңды бүйтіп қаңғыртып қоймас үшін, қам қылыңдар! Ол үшін һәм жердегі оқитын орындарда көбірек стипендия ашу керек, оны ашу қиын да емес, қымбат та емес. Баланы оқыту ата-анасына ауыр болғанмен, жұртқа жеңіл. Екінші, стипендияларды түрлі школдарда ашу керек. Қандай школдарда, қанша стипендия ашу һәм…. («Қазақ» газеті. 1913, 15 тамыз. №26. Бас мақала).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *